Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сайкес С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқытудың дуальды жүйесі кеңінен жүзеге асып келеді.

Жүйе бойынша жұмыс берушілердің кәсіпорындарында студенттер теориялық біліммен қатар тәжірибелік білім алады. 

Университетте 19 оқу бағдарламалары жүзеге асуда. Олардың қатарында «Серпін» бағдарламасымен білім алып жүрген студенттер де қосарлы оқыту жүйесімен білімдерін шыңдауда.

Академиялық жұмыс жөніндегі проректор, филос.ғ.к. Гаухар Ахметованың пікірінше, бүгінде дуальды оқыту жүйесі бойынша жас мамандарды дайындау оң нәтижесін беруде. «Оқытудың бұл әдісі өндірістің нақты сұранысына сай келіп отыр. Стандарттар жасалды, оқу бағдарламалары дамытылуда, материалдық-техникалық база модернизациялануда. Жоғары оқу орны, ғылым және өндірістің өзара тығыз байланысы студенттердің кәсіби құзіретінің дамуына зор үлесін қосады».