С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Жұмагелді Акижаевтың «ҚР мемлекеттік кіріс органдары қызметінің рөлі» тақырыбына арқау болған ашық дәрісі өтті.

Жұмагелді Мусалимұлы өз баяндамасында Салық және Кеден кодексі бойынша негізгі заңнамалық өзгерістерге баса назар аударды. 

Сонымен қатар, дәріскер өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы салықтардың негізгі түрлеріне, төлеу мерзімдері және т.б. нақтырақ тоқталды. 

Студенттер дәріс барысында салық саясатындағы өзгерістерді талқылауға белсене атсалысып, өздерін мазалаған сауалдарына да жауап алды. 

Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. Рысты Сартованың айтуынша, дәрісте салық салу жүйесі, салықтық кеңес және мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы байланысты нығайту мәселелері ауқымды қарасытрылды.