С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Устами классиков» атты орыс әдебиетінің кеші өтті.

Әдеби кеш «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Павлодар қаласында білім алып жүрген студенттердің басын қосты. Кеш барысында студенттер белгілі ақындардың шығармашылығы туралы әңгіме өрбітіп, олардың туындыларын оқыды. 

Орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Айман Нұрғазинаның айтуынша, орыс әдебиеті классикасы көптің  талабынан шығып келеді. «Орыс әдебиеті көркемдік тереңдігімен, адамгершілік биігімен және сезім байлығымен өз тартымдылығын сақтап келеді», – дейді Айман Бекенқызы.  

Еске сала кетейік, С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың көптілді білім беру орталығында мемлекеттік тілде білім алатын студенттер үшін «Шетел тілі ретіндегі орыс тілі» курстары ашылған болатын.