С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариев Colorado School of Mines жоғары оқу орнына іс сапармен барды.
Colorado School of Mines – кен ісі, энергетика және экология бойынша әлемдегі үздік жоғары мектеп.
С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры жаңартылатын энергия көзі, мұнайхимия, металлургия және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды ұйымдастыру жұмыстарын зерттеу бойынша вице-президент Энтони Динмен кездесті.
Кездесу барысында жаһандағы алдыңғы қатарлы Colorado университетінің жаңартылатын энергия көзі технологиясын дамытудағы тәжірбиесі таныстырылды. Университет жасап отырған мұнайхимия, металлургия саласындағы инновациялық технологиялары Павлодар өңіріне өзекті екені белгілі. Сол себепті, кездесудің соңында Colorado университетінің білікті профессорларын Павлодар мемлекеттік университетіне шақыру туралы келісімге қол жеткізді.
– Стратегиялық даму және кәсіпорындар бойынша вице-президент Найджел Миддлтонмен, қосымша оқыту бағдарламалары бойынша директор Бэрри Мартинмен кездесу барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары мен студенттері үшін металлургия, энергетика және мұнайхимия бойынша арнайы курстарды ұйымдастыру туралы келісімге келдік, – деді Арын Өрсариев.
– Біздің негізгі мақсатымыз тек өңір экономикасының көркеюіне жоғары білікті мамандарды даярлау ғана емес, сонымен бірге, ғылыми әлеуетті өндіріске қолдануды көздеу болып табылады. Біз әлемнің озық университеттерінен ғылым, білім беру және кәсіпорындар арасындағы ықпалдастық үлгісін зерттеуіміз қажет. Көптеген әлемнің дамыған елдері үшін дәл осы үрдіс инновациялық дамуға ықпал еткен күш болған, – дейді Арын Амангелдіұлы.
Сондай-ақ, геологиялық зерттеу және инжиниринг факультетінің деканы, профессор Рамон Грэйвзпен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттерін оқыту мүмкіндіктері туралы келіс-сөздер де жүргізілді.