С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Олимпиада чемпионы Т. Колпакова жүлделеріне XVIII халықаралық жарыста чемпион атанды.
С. Торайғыров атындағы ПМУ «Экономика» мамандығы бойынша білім алған Игорь Кондратьев Бішкек қаласында өткен жарыста 400 метрлік қашықтықта жүгіруде күміс медальге ие болып, ал кедергімен 4х400 метрлік эстафетада чемпион екенін дәлелдеді. Жаһанның 5 елінің кіл мықты жеңіл атлетшілері бақтарын сынаған бұл додада Игорь елінің және туған өңірінің абыройын асқақтатты.
Игорь Кондратьев – жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол республикалық және халықаралық деңгейлердегі сайыстар мен чемпионаттарда жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Игорь 2014 жылы Сеул қаласында өткен Азия ойындарында да чемпион атанған болатын. Биылғы жылдың 14 ақпанында Өскемен қаласында өткен жеңіл атлетика бойынша чемпионатта да қанжығасын майлап келген еді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес және құқық факультетінің деканы Тахир Эрназаров өз сөзінде Игорь Кондратьевтің көптеген жарыстар, чемпионаттарда мықты екенін айғақтай жүріп, оқуда да үздік екенін айтып өтті.
– С. Торайғыров атындағы ПМУ бизнес және құқық факультетінің түлегі, болашақ магистрант Игорьге спорттық алаңда да ғана емес, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесіне де қол жетуіне шын тілектеспін, – деп шәкіртінің жеңістері мен жетістіктеріне ниеттес екенін жеткізді Тахир Яздурдиевич.
Игорь Кондратьев экономика мамандығы бойынша бакалавриатты үздік тәмамдады. Игорьдің айтуынша, ол кәсібін тереңдете оқуды ұйғарып, магистратуралық білім алуға дайндалып жүр.
– Бүгінде магистратуралық дәрежесіз өзің қалаған жұмысқа ие болу қиын. Сондықтан мен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде сапалы білім алатыныма сенімдімін, – деді Игорь.
Қазіргі уақытта чемпион жігіт магистратурға түсумен қатар, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиаданың іріктеуіне дайындалып жатыр.