С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ІІ Ұлттық Экологиялық жастар форумының шеңберінде өткізілген «Жандану әлемі» Қорының сыйықысы тағайындалған республикалық экология саласындағы ғылыми жұмыстар байқауында Бас жүлдені жеңіп алды.
Форумның бас серіктесі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Қоры. Ал шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Жандану әлемі» Қоры мұрындық болды.
Ғылыми шара жұмысына Германия және Финляндия елдерінің ғалымдары құрметті қонақ ретінде қатысты.
Жыл сайын өтетін форум Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өтуі бойынша Концепциясын іске асыру мақсатында қоғам санасына экологиялық білім және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды экологиялық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу, тәжірибе және қоғамдық жұмыстарға қатыстыру мақсатын көздеді.
Байқаудың екінші турында Қазақстанның 32 жоғары оқу орындарынан 1500 делегаттар жобаларын ұсынды. Алғашқы турда 240 жобалар қаралып, екінші кезеңге 90 жоба өткен болатын.
С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері форум жұмысына 2 ғылыми жоба дайындады. Олар: Г-301 тобының студенттері Сабина Абдрахманова, Қуаныш Жақсылықов пен Дияс Ораз «Зерттеудің жаңа әдістерін қолдану арқылы жергілікті жердің метеорологиялық ерекшеліктерін зерттеу (Павлодар облысы мысалында)» жобасын, Г-302 тобының студенттері Алтынай Досмадиярова, Айзада Зинегабиденова, Дарья Мулявка, ВТиП-202 тобының студенті Илья Царегородцев және МГ-22н тобының магистранты Айгүл Ракишева «Баянауыл көлдерінің рекреациялық жүктемесі мен қорғауы» жұмысын дайындады. Және осы топ байқаудың нәтижесі бойынша Бас жүлде мен атаулы сыйақымен қанжығаларын майлап келді.
Команда жетекшісі г.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ гография және туризм кафедрасының професоры Антонина Царегородцеваның айтуынша бұл жетістік оқу ордамыздың білімі мен біліктілігінің айғағы болды. «Ғылыми жобалар байқауында бағындырған асуымыз С.Торайғыров атындағы ПМУ беделін тағы бір көтерді деп ойлаймын. Студенттер де жақсы жұмыс жасады. Нәтижесін көріп отырсыздар. Мұның бәрі оқу орда басшылығының студенттерді ғылыми жұмыс жасауға жігер беріп, барынша қолдағанының арқасы», – деді Антонина Григорьевна.
Руфина Торпищеваның фотосы