Техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің металлургия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Алексей Богомолов Вильгельм Лейбниц атындағы дипломы мен медалімен марапатталды.
«Ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестациялаудың халықаралық жүйесі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Германия, Мюнхен қаласы) шеңберінде өткен Халықаралық жаратылыстану академиясының (DOCTOR OF SCIENCE, HONORIS CAUSA) Құрметті ғылым докторларының сайлауында Алесей Богомолов Құрметті ғылым докторы болып сайланды.
«Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының» техникалық және физика-математикалық ғылымдар департаментінің шешімі бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасы доценті, т.ғ.к. Алексей Богомолов инновациялық технологияларды өндіріске енгізу бойынша әрі техника ғылымдарының дамуына зор үлес қосқаны үшін ризашылық белгісі ретінде Вильгельм Лейбниц атындағы дипломы және медалімен (MEDAL EUROPEAN SCIENTIFIC AND INDUSTRIAL CONSORTIUM «ESIC» - Wilhelm Leibniz) марапатталды.
Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының марапаттар бойынша комиссиясының ескеруінше, Алексей Богомоловтың металдық материалдардың кешенді орнығуы, металлтану және металлдардың қыздырып өңдеуі, металлдарды қысыммен өңдеуі сынды жұмыстарын өндіріске енгізуге әбден болады.
Алексей Богомоловтың айтуынша, ол көміртекті және төмен қоспалы болаттардан жасалатын деформациялық-термикалық орнықтырудың инновациялық технологиясын жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда. «Бұл марапатты жетістіктерімнің белгісі деп қана емес, болашақта жаңа зерттеулер жасауға түрткі болатын мүмкіндік деп есептеймін», - деді ғалым.
Алексей Богомоловтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жемісті жетістігі Қазақстан Республикасынан тыс халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалуда.
Ол Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығының сарапшысы, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры, Халықаралық жаратылыстану академиясының құрметті ғылым докторы (Doctor of Science, Honoris Causa). Бүгінгі күні 150-ден аса ғылыми мақалалардың, өнертабыстардың 22 авторлық куәліктері мен патенттерінің, 9 оқу-әдістемелік құралдары мен 2 монографиялық жұмыстардың авторы.