2014 жылдың 27 қараша күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тұңғыш Президент феномені» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның басты мақсаты – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлігін, көшбасшылығын, қазақ қоғамындағы және әлемдегі гуманитарлық әрі рухани миссиясын таныту.
Конференция жұмысы университеттің барлық оқу ғимараттарында онлайн трансляция арқылы таратылды. Шараға жалпы 250-ден аса қатысушы қатысты. Сонымен бірге, конференцияға саясаттанушылар, тарихшылар, С.Торайғыров атындағы ПМУ ғалымдары, магистранттар мен студенттер атсалысты.
Конференцияның пленарлық отырысы жұмысын С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев ашты. Ол өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік алуын, қалыптасу кезеңі және жаңа мемлекеттің нығаюын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен байланыстырып өтті.
– Бүгінде біз тәуелсіз еліміздің дамуы мен гүлденуіне куә болудамыз. Елбасының көптеген бастамалары әлемде мойындалып, «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қазақ Елі әлемге танылды. Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының – дамуы, кемел болашаққа батыл қадам жасап өркендеуі, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Елбасымыз, Қазақ Елінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланысты, - деді Серік Мәуленұлы.
Т.ғ.к., Павлодар қалалық маслихатының депутаты Арман Ешмұратов өз баяндамасында Ұлт Көшбасшысының рухани-адамгершілік үлгілері мен құндылықтары туралы әңгіменлеп берді. З.ғ.к., доцент Болат Олжабаев жиылғандар алдында Қазақ мемлекеттілігінің дамуы және қалыптасуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлі турасында бөлісті. С.ғ.к., доцент Ғани Елмұратов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа экономикалық концепциясының Қазақстан дамуындағы стратегиялық бағыты жөнінде нақты деректерге қанық етті. Магистр, аға оқытушы Алексей Маликов Қазақстан Республикасындағы жоғары білім берудегі интернацияландыру мен модернизациялауда Н.Ә.Назарбаевтың рөлін айқындап берді.
Мұнымен қоса, ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу шеңберінде С.Торайғыров атындағы ПМУ қабырғасында «Президент – ҚР Тәуелсіздігі дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.
2014 жылдың 25 қарашасынан 5 желтоқсанына дейін «Назарбаев – ҚР мемлекеттік Тәуелсіздігінің негізін қалаушы», «Астана және Президент», «Ұлт Көшбасшысы» және т.б. тақырыптарда студенттік жұмыстардың байқауы өтуде.
Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың бас оқу ғимаратының фойесінде Егеменді Қазақстанның дамуы мен қалыптасу кезеңінде ел Көшбасшысының тарихи рөлін мақсат тұтқан «Тұңғыш Президент феномені» кітап көрмесі ұсынылды.
2014 жылдың 29 қарашасынан 1 желтоқсанға дейін С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен магистранттарына «Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» және «Мемлекеттік қалыптасудың тарихы» тақырыптары бойынша дәрістер курсы оқылады.
Мерекелік шаралар 29 қараша күні студенттер арасында «Дені сау ұлт – дені сау рух» ұранымен эстафеталық жарыс және «Тұңғыш Президент» зияткерлік ойынымен жалғасын табады. Білім ордасының Қазақстан студенттер альянсы белсенділері 1 желтоқсан күні мерекелік Flash-mob өткізуді жоспралауда.