2014 жылдың 29 тамызында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде талапкерлерді студенттер қатарына қабылдауының салтанатты рәсімі өтті.

 

Облысымыздың қалалары мен аудандарындағы орта мектептерінің кешегі екі мыңға жуық мектеп түлектері бүгін ресми С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері қатарына қабылданды.

С.Торайғыров атындағы ПМУ қабылдау комиссиясының құрамында: комиссия төрағасы – университет ректоры, э,ғ.д., профессор Серік Өмірбаев, комиссия төрағасының орынбасары – Павлодар мемлекеттік университетінің оқу жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.д., профессор Нелли Пфейфер, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы - п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина, комиссия мүшелері: Академиялық сауалдар жөніндегі департамент басшысы Ренат Нұрғожин және барлық факультеттер декандары.

Шараны ашу барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев Павлодар мемлекеттік университетінің студенттер қатарына қабылданған студенттерді құттықтап, екі жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан айтулы рәсім студенттерді алғашқы оқу күнінен бастап ЖОО-ның академиялық дәстүрлеріне тартуға бағытталатынын атап өтті. Студенттер қатарына жаңа қабылданған студенттерге арнаған өз сөзінде Серік Мәуленұлы: «ПМУ Сіздер үшін – бәсекеге қабілетті, табысты және сұранысқа ие өз кәсібінің білікті маманы болуға жағдай туғызатын орта болатынына сенімдімін», - деді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ факультеттерінің декандары бакалавриат, магистратура, мемлекеттік білім гранттары мен келісім-шарт негізінде оқуға қабылданған студенттер тізімімен таныстырды. Сондай-ақ, бүгін ғана қабылданған студенттерге болашақтағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі білім алуына байланысты кеңестер мен нұсқаулықтар берілді.

Салтанатты іс-шараның соңында қабылданған студенттер қазақ және шетел тілдерін білу деңгейін тексеретін тестілеуден өтті.