C. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі қосарлы білім беру жүйесін дамыту шеңберінде Металлургия кафедрасы студенттерінің дипломдық жобаларын қорғауы Павлодар облысындағы ірі металлургиялық «KSP Steel» ЖШС кәсіпорынында өтті.
Павлодар мемлекеттік университетіндегі қосарлы білім беру жүйесінің тарихы 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастау алады. Сол уақытта «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі қосарлы білім беру жүйесінің 2013-2020 жылдарға арналған даму концепциясы» бекітілді.
Аталмыш концепция университетте білім алып жүрген студенттер мен магистранттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қосарлы түрде С.Торайғыров атындағы ПМУ және белгілі бір кәсіпорында білім алуына мүмкіндік береді.
Қосарлы білім беруді дамыту концепциясының негізгі міндеттері:
– кадрларды дайындау, жұмыс беруші талаптарына барынша сай болу;
– сұранысқа ие мамандықтар дайындау және студенттер үшін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін тудыру;
– жоғары білікті кадр дайындау сапасын арттыру қосымша мүмкіндіктерін тудыру;
– кәсіби білім берудегі сапалы өзгерістерге жетелейтін тығыз қарым-қатынас, өзара сіңісу және өзара ықпал ету сынды жүйелермен қамтамасыз ету.
Металлургия кафедрасының студенттерінің «KSP Steel» ЖШС кәсіпорынында қосарлы білім алуы 2012-2013 оқу жылынан бері табысты өтуде. Айтулы жүйе аясында 5B070900 «Металлургия», 5В072400 «Технологиялық машиналар және құрылғылар» бакалавриат мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттер тәжірибелік және зертханалық арнайы кәсіби пәндер бойынша сабақтарын «KSP Steel» ЖШС өндіріс цехтары базасында, зертханалары және оқу орталықтарында өтеді.
Ағымдағы жылы алғаш рет «KSP Steel» ЖШС кәсіпорынында 5B070900 «Металлургия» және 5В072400 «Технологиялық машиналар және құрылғылар» мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттер Дана Рақымованың, Дария Езупеноктың, Гүлнар Нұрғалиеваның, Роман Маеренконың, Айнұр Қуанованың, Олжас Омаровтың дипломдық жұмыстарының қорғауы өтті.
Аталмыш дипломдық жобалардың тақырыбы кәсіпорынның басты кәсіби бағытына сай келді. «KSP Steel» ЖШС кәсіби оқыту бөлімінің басшысы Загрутдинова Наили Фаридовна өз сөзінде: «Студенттер С.Торайғыров атындағы ПМУ және «KSP Steel» ЖШС-де қосарлы білім алу барысында кәсіпорын жоғары білікті мамандарды даярлауға ғана атсалысып қоймай, «KSP Steel» ЖШС-нің табысты еңбек етуіне өз тараптарынан септіктерін тигізеді», - деп мәлімдеді.