2014 жылдың 30 сәуірінде С. Торайғыров ат. ПМУ-да «Қазіргі жастардың этноконфессиялық идентификациясы және басымдылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция С. Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Шараның мақсаты – жаһандану үрдісінде соның ішінде, дүниетанымдық және құндылықтар дағдарысында, ЖДҚ қызметінің жандандыру жағдайында кеңес дәуірінен кейінгі елдерде этноконфессиялық идентификация саласындағы зерттеу мәселесінің басымдылығын анықтау, бүгінгі көп конфессиялық әртүрлілік жағдайында жастардың патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие жүйесін алдағы жаңғыртуында жәрдемдесу.
Конференция жұмысына ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі, филол.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Өрсариев, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Ержан Рахымжанов, Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің деканы, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті теология және дүниежүзілік мәдениет кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Павел Зайцев, Нұр-Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті университетінің исламтану факультетінің деканы, филос.ғ.д., профессор Мухаммад Махфуз, И.И.Ползунов атындағы Алтай мемлекеттік техникалық университетінің гуманитарлық білім факультетінің деканы, филос.ғ.д. Николай Белоусов, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының доценті, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің докторанты, мәдениеттану к. Елена Тихомирова (Мәскеу қ.), филос.ғ.д., Абай атындағы ҚҰПУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Дауренбек Құсайынов, профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысты.
Шара жиылған студенттер мен магистранттар, мамандар мен ғалымдар үшін таптырмас пікір-талас алаңына айналды. Ғалымдар мен теолог мамандары бас қосқан аталмыш жиында сөйлеген сөзінде С.Торайғыров атындағы ПМУ университетінің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Айтмұхаметұлы: «Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды», - деп Қазақстанның көптеген ұлттар үшін Отаны болғанын атап өтті.
Конференция материалдары бойынша жинақ шығарылып, конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.