2014 жылдың 25 сәуірінде С.Торайғыров ат. ПМУ-да «Агроөндірістік кешенде ғылым мен өндірістің интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Конференцияның құрметті қонақтары ретінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Ашімбетов, э.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының академигі Кенжеғали Сағадиев келді.
Ғылыми шараға Ресейден ат терлетіп жеткен а.-ш.ғ.д., Сібір ауыл шаруашылығының жерін өңдеу және химияландырудың ғылыми-зерттеу институтының профессоры Надежда Добротворская (Новосібір қ.), а.-ш.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ғалиолла Мейірман, Қарағанды өсімдік өсіру және селекция ғылыми-зерттеу институтының басшысы орынбасары Ербол Нұрманов болды.
Сондай-ақ, Павлодар ауылшаруашылық институтының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Бақыт Ирмулатов та конференция жұмысына қатысты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев университеттің 2000 жылдан бері агроөндіріс кешені үшін білікті мамандар дайындап келетінін мәлімдеді. Серік Мәуленұлы: «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады», - деді. Демек, дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көріну үшін біз агрономия саласына ден қойып, оны дамытуға міндетіміз. Ғалымдарға зор міндет артылып отыр», - деп қада айты өз сөзінде.
Конференция жұмысы барысында оқу орданың бір дәрісханасына ҚР ҰҒА академигі, б.ғ.д., профессор Еламан Шахановтың есімі берілді.
Еламан Шахановтың атындағы дәрісхананың ашылу салтанатында ғалымның жұбайы Мырзабала апай мен немересі Дархан Шаханов құрметті қонақ ретінде қатысты.