2013 жылдың 13 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті бас оқу ғимаратының алдында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай студенттік жастардың ұйымдастыруымен флешмоб өтті.
Флешмобты ұйымдастырушылар: Студенттердің кәсіподақ ұйымы, Студенттік ректорат, Жастар ісі бойынша комитет, Қазақстан студенттер Альянсінің С.Торайғыров атындағы ПМУ бөлімшесі.
Шараның мақсаты қала тұрғындары арасында бейбіт өмір мен достық сынды қасиеттерді нығайту, университет студенттерін патриоттыққа тәрбиелеу, қазақ халқының мәдени құндылықтарын сіңіру, және де қоғамдық өмірге белсенді атсалысуға шақыру болып табылады.
Би флешмобының қатысушылары С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттік жастар белсенділері, яғни, «Джем» би тобы, студенттердің кәсіподақ ұйымы, студенттік ректорат, жастар ісі бойынша комитеті, Қазақстан Студенттері Альянсінің университеттік бөлімшесі. Шараға жалпы 60 студент қатысты.
С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың студенттік ректоры Ғабит Ғафиз өз сөзінде: «Еліміздің Егемендігі жолындағы ата-бабамыздың төгілген қаны мен терімен жеткен Тәуелсіздік құнын біз білеміз. Отанымыздың гүлденуі мен өркендеуі өлшеусіз қажырлы еңбектің арқасы екенін біз жастар әсте, ұмытпаймыз», - деді.
Шара барысында қазақтың «Қара жорға» биі, хип-хоп сынды заманауи жанрдағы билер орындалды.
«Біз, бүгінгі студенттер, өзімізді Қазақстанның ерекше ұрпағымыз деп есептейміз. Өйткені, Тәуелсіздіктің құрдастарымыз. Біз тәуелсіз жас мемлекетпен қатар ер жеттік. Біздің көз алдымызда мектептер, бала-бақшалар, мәдениет үйлері, мұражайлар мен спорт орталықтары бой көтеріп, ескерткіштер, кесенелер тұрғызылып, мешіттер мен шіркеулер салынып жатты», - деп бөлісті С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенті Данат Бекжасаров.