2013 жылдың 11 қыркүйегінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Орысариевтің қатысуымен ПМУ Қорғаншылық кеңесінің бірінші ұйымдық отырысы өтті.
С.Торайғыров атындағы ПМУ қорғаншылық кеңесі 2013 жылдың 27 ақпанында Ғылыми кеңестің шешімімен университеттің стратегиялық дамуын айқындау, материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету, ЖОО-ның ресурстық базасын кеңейту және Павлодар мемлекеттік университетіне басқару органдары, мекемелер мен өңіріміздің кәсіпорындары тарапынан қаржылай демеушілік қолдауына ие болу мақсатында құрылған болатын.
Қорғаншылық кеңес – білім беру мекемесінің ресурстық базасын нығайтуын қамтамасыз ететін қоғамдық басқару органы болып табылады. Кеңес білім беру мекемесіне мақсатты түрде бөлінетін бюджеттен тыс қаражаттарды нысаналы пайдалануға бақылау жасайды.
Қорғаншылық кеңесінің құрамына Павлодар облысы әкімі орынбасары Арын Орысариев, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Серік Өмірбаев, «Екібастұздық ГРЭС-2» станциясы» АҚ директоры Владимир Белов, «Павлодар мұнай-химия зауыты» АҚ бас директоры Шухрат Данбай, «Мұнайхим LTD» компаниясы» ЖШС директоры Ерлан Құсанов, Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Абылай Сейітжанов, «Казэнергокабель» АҚ бас директоры Олег Круг, Павлодар картон-рубероид зауытының директоры Николай Шабрат енгізілді.
Қорғаншылық кеңесінің жұмысы барысында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің зерттеу және инновациялық бағытында дамуы және негізгі механизмдері мен әдіснамалық жоспарына баса назар аударды.
Отырыстың соңында кеңес мүшелері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қорғаншылық кеңесінің 2013 – 2014 оқу жылына арналған жоспарын бекітті.