С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алған студенттер дипломдық жұмыстарын табысты қорғап шықты.
Мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрайымы, х.ғ.д., «РОМАТ» ЖШС Ғылым және жаңа технологиялар бойынша вице-президенті (Павлодар қаласы) Күннәз Мұзағұлованың пікірі бойынша, дипломдық жұмыстарын қорғау кезінде студенттер қойылған міндеттерді конструктивті шеше алатындықтарын, өздерінің позицияларын қорғауды, дискуссия жүргізуді, нарықтық экономика және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника ережелерін, практика сұрақтарын жақсы білетіндіктерін, азық-түлік өнімдерінің технологиясын дамыту бойынша ұсыныстар мен шешімдер жасайтындығын, қоғамдық тамақтандыру және тағам өнеркәсібі кәсіпорындарындағы жұмысты жақсарту бойынша ем және алдын алу бағытындағы жаңа тағам өнімдерін жасай алатындықтарын көрсетті.
Дипломдық жоба тақырыптары биотехнологиялық өндіріс кәсіпорынының жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырумен байланысты әрі Павлодар қаласымен Павлодар облысының ауылшаруашылық өнімдері кәсіпорындарының өзекті мәселелерін шешу нұсқалары берілген.
Ғылыми зерттеу сипаттындағы дипломдық жұмыстар өз зерттеулерінің нәтижесіне негізделген. Олар Павлодар өңіріндегі өсімдік шаруашылығының биотехнологиясы және тағам ғылымының маңызды мәселелерін қозғаған.
Жалпы айтқанда, мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау қорытындысында Күннәз Баймұханқызы «Биотехнология» мамандығы бойынша білім алған студенттердің біліктілігі жоғарғы деңгейде екендігін әрі ПМУ Биотехнология кафедрасы профессорлық-оқытушылар құрамының үздік жұмысын да атап өтті.