С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың  біліктілікті арттыру факультеті маусым айында семинарлар және біліктілікті арттыру курстарын өткізеді:

• 2012 жылдың 11-16 маусымы аралығында университеттің әкімшілік-басқарушылық қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

Тақырыбы: «Бiлiмдегi менеджмент»

Дәріскер: Бастиан Бауман (Германия)

• 2012 жылдың 11-16 мен 18-25 маусымы аралығында «Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешенінің Павлодар облыстық аймақтық инспекциясы» мемлекеттік қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді.

Тақырыбы: 

1.  «Асылдандыру ісі»

2. «Астықты сақтау технологиясы. Астықтың сапасын  анықтау. Тұқым шаруашылығы және тұқымдық іс»

Дәріскер: Бексеитов Т.К., Абельдинов Р.Б., Бурамбаева Н.Б.

 

• 2012 жылдың 26-28 маусымы аралығында қаланың ЖОО-ның шет тiлдерiнiң оқытушыларына арналған курс өтеді.

Тақырыбы: «Integrating the interactive web into teaching English as a Foreign Language».

Дәріскер: Гафиатулина Ю.