Торайғыров университетінде Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында орналасқан Quaid-i-Azam University (QAU) профессоры Muhammad Ali-мен жұмыс кездесуі өтті.

 


Quaid-i-Azam University — Пәкістанның жетекші зерттеу университеттерінің бірі. QS World University Rankings 2027 әлемдік рейтингінде университет 381-орынды иеленіп, Пәкістан бойынша бірінші орында тұр.



Кездесу барысында тараптар жоғары білім беру, ғылыми зерттеулер және академиялық ұтқырлық салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың басым бағыттарын талқылады.



Биотехнология саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен бағдарламаны іске асыру туралы келісімді әзірлеу және оған қол қою жөнінде шешім қабылданды.



Өзара ынтымақтастық аясында бірлескен зерттеулер жүргізу, рейтингі жоғары халықаралық ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау, ғылыми семинарлар өткізу және зерттеу тәжірибесімен алмасу жоспарлануда.



Профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар үшін профессор Muhammad Ali «Академиялық жазылым және халықаралық жобаларды әзірлеу тәжірибесі» тақырыбында ашық дәріс өткізеді.



Сондай-ақ «Биотехнология» және «Агротехнология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін биотехнология мен геномиканың заманауи бағыттары және ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану бойынша дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланған.