Елордада «Жаңа Конституция – тұрақты дамудың институционалдық және құқықтық негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Маңызды алаңда еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындары мен мемлекеттік орган өкілдері, ғалымдар мен заңгерлер бас қосып, Конституцияның негізгі жаңашылдықтары мен олардың елдің, білім мен ғылымның тұрақты дамуына ықпалын талқылады. Конференция жұмысына Toraighyrov University Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Әмірұлы Медетов қатысты.

 


Жиын барысында қазіргі сын-қатерлер жағдайындағы конституциялық бақылау мен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне, адам капиталының, білім мен ғылымның мемлекет пен қоғамды дамытудағы рөлі кеңінен сараланды.

 


Конференция қорытындысы бойынша ғылыми баяндамалар мен сарапшылардың ұсыныстары жинақталып, құқықтық мемлекетті одан әрі дамытуға және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ұсынымдар қабылданды.