Торайғыров университетінің қабырғасында студенттерге арналған «Open Dialogue» семинары өтті. Бұл шара теория мен нақты кәсіпкерлік тәжірибені байланыстыратын маңызды алаңға айналды.
 
 
Семинар барысында студенттер Павлодар облысының табысты кәсіпкерлерімен тікелей жүздесіп, олардың бизнеске қалай келгенін, алғашқы қиындықтарын және табысқа жету жолдарын тыңдады.
 
 
Қонақтар: Заирбек Абылкадыров — «BekTeam» директоры, джиу-джитсу мектебінің негізін қалаушы.
• Жадыра Макенова — ұлттық киім бренді бар кәсіпкер
• Ренат Ермекбаев — «ADAL18» компаниясының директоры
Кездесу нәтижесінде университетте студенттік стартаптарға қолдау көрсететін менторлар мектебін құру туралы келісім жасалды!
 
 
 
Екінші бөлім — нақты әрекетке бағытталды:
Гульсара Кабельдинова мемлекеттік қолдау бағдарламалары, гранттар және бизнес бастау жолдары туралы түсіндірді.
Рустам Кабдрахимов мемлекеттік сатып алулар порталы бойынша практикалық тренинг өткізіп, тендерге қатысудың қыр-сырын үйретті.
 
 
Барлық қатысушыларға 18 сағаттық тегін курс ұсынылды, ал үздіктерге компанияда мансап құру мүмкіндігі берілмек.