Астана қаласында C5+O.N.E. Cohort 5 бағдарламасының Ұлттық нетворкинг іс-шарасы өтіп, Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген 100-ден астам қатысушыны біріктірді.



Іс-шара алаңы кәсіби диалог құруға, тәжірибе алмасуға және халықаралық ынтымақтастық саласындағы практикалық дағдыларды дамытуға арналған кеңістікке айналды. Қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеген Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джули М. Стаффт ағылшын тілінің экономикалық даму, халықаралық байланыстарды кеңейту және кәсіби өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызын атап өтті.



Ресми шараға Торайғыров университетінің Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің оқытушылары Зарина Капшакбаева мен Акмарал Мухамеджанова қатысты. Университет өкілдерінің осындай халықаралық бастамаларға қатысуы академиялық және кәсіби байланыстарды нығайтуға, өңіраралық және салааралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне заманауи тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.



Бағдарлама аясында қолданбалы тренингтер ұйымдастырылып, ағылшын тілінде коммуникация дағдыларын дамытуға, сондай-ақ бизнес-кейстер мен презентациялық жобалар бойынша алдағы жұмысқа дайындық жүргізілді. Алынған тәжірибе мен орнатылған байланыстар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы және биотехнология бағыттарын дамытуда, ғылым мен индустрия интеграциясы жағдайында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда практикалық мәнге ие.



Торайғыров университеті C5+O.N.E. бағдарламасының ұйымдастырушыларына, American Councils for International Education ұйымына және Қазақстандағы АҚШ Елшілігіне кәсіби өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуға тиімді алаң қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреді.