Торайғыров университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Сәуле Ксембаеваның 60 жасқа толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

 

Құттықтау сөздер университет басшылығы, Қазақстандағы Білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы, сондай-ақ Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті мен Инновациялық Еуразия университетінен келген қонақтар тарапынан айтылды. Факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен студенттер де Сәуле Ксембаеваны шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Сәуле Ксембаева Торайғыров университетінде 30 жылдан астам уақыт бойы табанды еңбек етіп, педагогика ғылымының дамуына және жоғары білім беру ісіне сүбелі үлес қосып келеді. Ол педагогикалық жолын қарапайым оқытушылықтан бастап, бірнеше жыл қатарынан Foundation факультетінің деканы әрі қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қызметтерін абыроймен атқарып, университеттің профессор лауазымына дейін көтерілді. Бүгінде гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы ретінде Сәуле Ксембаева бай тәжірибесін, көшбасшылық қасиеттерін және басқарушылық әлеуетін тиімді пайдаланып, ұжымның тұрақты дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

 

Сонымен қатар Сауле Ксембаева терең ғылыми білімі мен мол практикалық тәжірибесі арқылы талай буын білікті маман тәрбиелеп шығарған жоғары санатты ғалым-педагог. Оның жетекшілігімен бүгінгі күні докторанттар докторлық диссертацияларын сәтті қорғап, Қазақстан білімінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

 

Сауле Ксембаеваны мерейлі 60 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отыра, қажымас қайрат, толағай табыс, зор денсаулық тілейміз!