Торайғыров университеті «Шақырылған ғалымдар - 2025» бағдарламасы аясында профессор Хакан Мете Доганды қабылдауда.

 

 

Профессор Түркияның Газиосманпаша университетінің ауыл шаруашылығы факультеті, топырақтану және өсімдіктерді қоректендіру кафедрасы, сондай-ақ GIS және қашықтықтан зондтау бөлімшесінінің өкілі. Оның ғылыми және кәсіби қызығушылықтары ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, геоақпараттық жүйелер, қашықтықтан зондтау, топырақтану, экологиялық мониторинг, ғылыми-зерттеу қызметі, табиғат фотографиясы және деректі материалдар дайындау салаларын қамтиды.

 

 

Университеттегі жұмыс кезеңінде Хакан Мете Доган ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары факультеттерінде қызмет атқарады. Ол студенттерге ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында GIS технологияларын қолдану, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің заманауи әдістері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді. Экологиялық және аграрлық өзекті мәселелерді шешуде цифрлық құралдар мен кеңістіктік талдауды пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады.

 

 

Университеттің оқытушылары және зерттеушілерімен бірлесіп профессор ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуда. Олардың қатарында Ертіс өзені бассейні үшін GIS әзірлеу және талдау және қашықтықтан зондтау (RS), топырақ карталарын жасау, Торайғыров университетінің «Green Campus» жобасын іске асыру, сондай-ақ экожүйелерді мониторингтеу бар. Алдағы уақытта Экология күндері мен GIS Day секілді бірлескен іс-шараларды өткізу, олардың форматтарын халықаралық деңгейге дейін кеңейту жоспарлануда.

 

 

Профессор Хакан Мете Доган Аграрлық инженерлер палатасын, Түркия биологтары қауымдастығын, Түрік инженерлері мен сәулетшілерінің палаталар одағын, сондай-ақ Америкалық географтар қауымдастығын қоса алғанда, бірқатар кәсіби және ғылыми ұйымдардың белсенді мүшесі болып табылады.

 

 

Шетелдік ғалымның сапары Торайғыров университетінің халықаралық ынтымақтастығын кеңейтуге, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға және тұрақты даму, ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы пәнаралық зерттеулерді дамытуға септігін тигізеді.