Астанада Нұрсұлтан Назарбаев Қорының студенттерге арналған республикалық стипендиялық конкурсының қорытындылары жарияланды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен барлығы 259 өтінім қабылданды. Нәтижесінде жоғары және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын 40 студент атаулы стипендия иегері атанды.



Лауреаттардың қатарынан Торайғыров университетінің «Орыс филологиясы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Вакулина Диана (Фил(р)-402) да табылды.



Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлының айтуынша, атаулы стипендия тағайындау – білімге ұмтылған, жоғары нәтижеге жетуге талпынған жастардың еңбегін мойындаудың және оларды ынталандырудың маңызды тетігі.



Вакулина Диананы жеңісімен шын жүректен құттықтап, болашақта жаңа шыңдарды бағындыруына тілектестік білдіреміз!