Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының (ҰИА РК) жалпы жиналысы аясында сессия өтіп, елдің үздік инженерлері анықталды.

 

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 75 өтінім қабылданып, конкурс комиссиясының шешімімен индустриялық және инновациялық жобаларды іске асыруға айрықша үлес қосқан 2025 жылдың 11 үздік инженері анықталды.

 

Олардың қатарынан Торайғыров университетінің инженер-конструкторы Рамис Зарипов та лайықты орын алды. Ол Қазақстанда алғаш рет әзірленген, су айдындарын тазартуға арналған экологиялық понтондық кешеннің авторы болып табылады. Бұл кешен толықтай күн энергиясымен жұмыс істейді. Жобаға екі патент алынған, ал әзірленген толық көлемді прототип сынақтан сәтті өтті. Аталған инновациялық шешім «Таза Қазақстан» ұлттық жобасының міндеттеріне сай келіп, экология саласында жасыл технологияларды ендірудің жаңа мүмкіндіктерін ашып отыр.

 

Торайғыров университеті Рамис Зариповты жоғары марапатымен құттықтап, оның еңбегі Қазақстандағы инженерлік ғылымның және экологиялық инновациялардың дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтеді.