Торайғыров университетінде ғылыми айлық шеңберінде "Мәшһүртану" ғылыми-практикалық орталығы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының қазақ қоғамының дамуындағы рөліне арналған дөңгелек үстел өткізді.
Шара екі форматта өтті.
Онлайн қатысушылар: Алматы қаласынан академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов «Әл-Фараби және музыка» тақырыбында дәріс оқыды.
Түркиядан «Түркі әлемінің мәдениет және өнер баспасының» (TURKSAN) директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Эллада Гарай Заде Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы туралы атап өтіп, түрік елдерінің бірлігі туралы баяндады.
Украинадан философия ғылымдарының кандидаты Ирина Зелинская украиндық философ Григорий Сковорода мен Мәшһүр Жүсіптің еңбектерін, өмірлерін салыстырып, философиялық құндылықтар туралы дәріс оқыды.
Осы іс-шараға арнайы сый ретінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Философия, саясаттану және дінтану институтынан біздің ұлы жерлесіміздің өмірі, шығармашылығы, діни көзқарасы туралы кітаптар жіберілді, кітап авторларының бірі, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов кітап мазмұнымен таңыстырып өтті.
Шара соңында Жүсіпбек Аймауытов атындағы Этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологиялары ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жұматаева Енгилик Өсербайқызы қорытынды сөз сөйлеп, кітаптарды Мәшһүр Жүсіп мұражайының меңгерушісі Әсет Пазыловқа, “Мәшһүртану” орталығына және “Beisembayev libraru”ғылыми кітапханасына табыстады.
«Мәшһүртану» орталығының ғылыми қызметкері Найля Анафина Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің философиялық, қоғамдық көзқарастарының өзектілігін сөз етті.