Бүгін қала тұрғындары репрессия құрбандарын еске алды. Шараға саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін іздеу мен ақтау жұмыстарымен айналысып жүрген Торайғыров университетінің ғалымдары болды. 

 

«Бүгін біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өткен ғасырдың зұлмат жылдарында жазықсыз жапа шеккен боздақтарды еске аламыз. Біздің ата-бабаларымыз зобалаң кезеңді бастан өткеруге мәжбүр болды: аштық, қуғын-сүргін және ату жазасы. Саяси қуғын-сүргін толқыны қазақ зиялыларының талай өкілдерін жойды. Олардың қатарында жазушы Жүсіпбек Аймауытов, режиссер, қазақ театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шанин, журналист Қадыр Тайшықов секілді жерлестеріміз бар», - деп атап өтті облыс әкімі Асайын Байханов.
Күштеп депортациялау жылдары Қазақстанға бұрынғы Кеңес Одағының аймақтарынан талай ұлт өкілі көшірілді. Жергілікті халық қолдан келгенше көмек көрсетті. Бұл трагедия қазақ, шешен, кәріс және өзге ұлттарды біріктірді.