Торайғыров университетінің "TRIGGER Орталық Азияда түлектерді жұмыспен қамту арқылы студенттердің кәсіпкерлік және инновациялық тәсілдерін ынталандыру"   Эразмус+ жобасының командасы Л. Н Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткен "Түлектерді жұмыспен қамту және кәсіби дамыту" халықаралық форумының жұмысына қатысты. 

Спикерлер ретінде ҚР Жоғары білім министрлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық кеңсесінің өкілдері, жоба консорциумның мүше-серіктестері, жұмыс берушілер мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ның өзге стейкхолдерлері қатысты. 

Форум алаңдарында Орталық Азия түлектерін жұмыспен қамту, еуропалық жобалардың Орталық Азия университеттеріне әсері, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын жақсарту, университеттер мен компаниялар арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар отандық еңбек нарығы үшін бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін студенттердің кәсіби дамуы мен ЖОО түлектерінің мансаптық жағынан өсуінің маңыздылығын атап өтті.