Торайғыров университетінде шетелдік оқытушылардың дәрістері жалғасуда. Бұл жолы Қаржы және есеп кафедрасына Подгорица университетінің ғалымы, PhD докторы Воин Голубович келді.

 

"Есеп және аудит" және "Қаржы" білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары үшін шетелдік лектор қаржы менеджменті, статистика, экономикадағы математикалық және статистикалық зерттеулер, өзіндік құн мен баға белгілеу, жобалық қаржыландыру және әлеуметтік инвестициялау, сондай-ақ қаржы инжинирингі бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізді. Воин Голубович ToU оқытушылары "Қаржы және есеп" кафедрасының студенттері мен магистранттарын жоғары деңгейде дайындайтынын атап өтті.

Айта кетейік, ToU шетелдік профессорларды тұрақты негізде шақырып тұрады. Бұған дейін ЖОО-да Үндістан, Түркия, Пәкістан, Чехия, Польша және Германиядан келген профессорлар дәріс оқыды.