Торайғыров университетінде әскери кафедраның 60 жылдығы тойланды. 

ЖОО ректоры Еркін Садықов құттықтау сөз сөйледі.

- Біздің әскери кафедра мыңдаған маманды даярлады. Оның ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлері жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Бұл жерде әскери іс сый-құрметке ие, мамандар әскери қызметтің имиджін көтеруге барын салып жатыр. Тәртіп, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік – әскери кафедра мамандарының басты қасиеттері, - дейді Еркін Садықов.
Салтанатты шараға Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Тудембаева мен Әскери білім және ғылым департаменті бастығының цифровизация жөніндегі орынбасары Людмила Перякина қатысты. 

Әскери кафедраның даму перспективалары мен жоспары туралы басшы Болат Токин айтып берді. Оның айтуынша, 60 жыл ішінде запастағы 20 мыңға жуық офицер түлеп ұшты. Жаңа оқу бағдарламасын жүзеге асырудың ең тиімді мысалы – қыз балаларға әскери мамандық алу мүмкіндігі. 

Еске сала кетсек, әскери кафедрада үш жылға жуық уақыт бойы оқу үрдісін ұйымдастыруда «Геотактика» атты тактикалық әрекеттер симуляторы қолданылады.  Құрылғыны университеттің түлектері жасап шығарған. Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына таныстырылды. Сонымен қатар, құрлықтағы әскери университетке таныстырылды. Болашақта бұл бағдарлама жетілдіріледі. 

Ал пандемияға дейін әскери кафедрада арнайы киімдердің модельдері, маскалар мен костюмдер жасалды. Олар медициналық қызметкерлердің талаптарына сай. 
Әскери кафедраның ашылуына 60 жыл толуына орай салтанатты концерт өтті. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, әскери дайындық дағдылары таныстырылды.