Павлодар облысының әкімдігінде Торайғыров университетінің декандарының  өңір басшысының орынбасары Мейрам Өтешовпен кездесуі өтті. "Дөңгелек үстелде" ToU өкілдері Павлодар облысының ғылымы мен экономикасын дамытуға бағытталған 62 ғылыми жобаны таныстырды. 

Бұл бағдарлама жетекші өңірлік ЖОО-ның даму әлеуетін де, өңір экономикасының даму әлеуетін де жақсартуға мүмкіндік береді. Торайғыров университетінің өкілдері әкімдікте өткен кездесуде ToU аймақ экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінгі таңда ЖОО-ның ғылыми қызметінен түскен табыс 320 миллион теңгеден асты, ал университеттің өңірлік деңгейде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға қосқан үлесі 51,4%  құрайды.

Университет, бизнес және мемлекеттің өзара іс-қимылын көздейтін "үштік спираль" моделін бөлек қарастырдық. ToU-да шетелдік жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыру үшін кең серіктестік байланыстар бар.

Диалог соңында "Мықты ЖОО – мықты өңір" бағдарламасын іске асыру шеңберінде Торайғыров университеті Павлодар облысының ғылым және білім орталығы ретінде әрекет етеді деген қорытындыға келді. ToU инфрақұрылымның барлық элементтерін, соның ішінде аймақтық элементтерді және экономиканың сыртқы секторын біріктіреді.