Торайғыров университеті ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған аймақтық агрокөрмеге қатысты. 

ToU Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің өкілдері ғылыми жобаларын таныстырды. Факультет ғалымдары органикалық қалдықтарды қайта өңдеумен – биогумус өндірумен айланысады. Тұқымды картопты сауықтыру және диагностика жасау бойынша жұмыстар қолға алынған. Жаңа бағыттардың қатарында бағалы жануарларды биотехнология әдістерінің көмегімен жылдам көбейту бар. 
Әбілқайыр Сқақов соңғы үш жыл ішінде аймақта суармалы алқаптардың көлемі 1,5 есеге ұлғайғанын еске салды. Сүт өндірісі де қарқын алған. Облыста 14 сүт-тауарлы ферма іске қосылды, ал өндірілген өнім көлемі 65 млрд. теңгеден 111 млрд. теңгеге өсті. 
- Ғылым мен агроөнеркәсіп қатар жұмыс істеу керек. Бұл әзірлемелердің барлығы фермерлердің жұмысында қолданылады. Ғалымдармен берік серіктестік орнаған, - дейді Еркін Садықов. 
Павлодар облысы мал және өсімдік шаруашылығы қарқынды дамыған аймақ саналады. Егін ору қорытындысы бойынша астық өнімдерінің көлемі рекордты 1, 25 млн. тоннаға жетті. Осындай нәтижеге жаңа технологияларды қолдану арқылы қол жеткізілді.