Тұлғалық даму және білім беру кафедрасы әлеуметтік қызметшілердің кәсіби күні  қарсаңында шаралар ұйымдастырды. Бұл күн Қазақстанда қазанның соңғы аптасында аталып өтіледі. Биыл мереке 30-шы қазанға сәйкес келді. 

- Әлеуметтік қызметкер адамдарды жақсы көру керек. Өз ісіне бей-жай қарайтын маман әлеуметтік қызметші бола алмайды. Бұл – мамандарға қойылатын бірінші талап. Басты артықшылық – мамандықтың әлеуметтік маңызы. Сала мамандары кез келген қалада сұранысқа ие. Торайғыров университеті – әлеуметтік қызметкер мамандығы бойынша кадр даярлайтын жоғары оқу орындарының бірі, - дейді Тұлғалық даму және білім беру кафедрасының оқытушысы Надежда Юношева