Торайғыров университетінде бұл күндері  ERASMUS+ TRIGGER жобасы консорциумының Словакиядан, Франциядан, Австриядан және Грециядан, сондай-ақ Орталық Азиядан (Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келген еуропалық әріптестерімен үйлестіру кездесуі өтуде.

Естеріңізге сала кетейік, жоба аясында ToU өкілдері Ницца және Вена қалаларында еуропалық серіктестер ұйымдастырған қарқынды тренингтерге қатысты. 
Оқыту түлектердің мансабы мен жұмысқа орналасуы, өңір кәсіпорындарымен тұрақты байланыстарды қамтамасыз ету, кәсіпкерлік білім беру схемасын әзірлеу сияқты бағыттар бойынша өтті.  
Жұмыс кездесуі барысында Торайғыров университетіндегі консорциумға қатысушылар жобаның бірінші кезеңін қорытындылайды, алдағы кезеңге арналған міндеттерді талдайды.
Спикерлер Орталық Азиядағы түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау арқылы студенттердің инновациялық тәсілдері мен кәсіпкерлік дағдылары тақырыбына тоқталды.
- Экономикалық өсуді жақсарту және бәсекеге қабілеттілік пен инновация деңгейін арттыру үшін бізге жастарымыздың шығармашылық, икемді және жаңашыл болуы қажет. Университет түлектерінің жаңа буыны кәсіпкерлік ақыл-ойды, идеяларды іске асыру, жаңа кәсіпорындарды дамыту, жобаларды жоспарлау және басқару қабілетіне ие болуы тиіс, - деп атап өтті Университет ректоры Еркін Садықов.