Құқықтану кафедрасының студенттері «Полициядағы бір күн» акциясына қатысты. Шараны облыстық полиция департаменті Алматы ІІМ академиясы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Форум қатысушылары үшін экстремизм және өзге де көп тараған қылмыстардың алдын алу бойынша тренингтер өткізілді. Сонымен қатар, қару мен арнайы құралдар көрсетілді. Студенттер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде сезінді. Шара барысында каска, қалқан және де эксперовканың өзге де түрлерін киіп көрді. 
Олар, сонымен қатар, тактикалық және физикалық дайындықтарын көрсетті. Кездесу аяқталған соң студенттерге сертификаттар табысталды.