Германияның үздік 90 жоғары оқу орындары қатарындағы Анхальта университетінің өкілдері Торайғыров университетінде болды. Меймандар қос диплом алу бойынша студенттермен алмасу жөнінде серіктес болуды ұсынды.

Анхальта университетінен Павлодарға профессорлар Эдуард Сименс пен Марк Энцман келді. Оларға академиялық база мен инфрақұрылым таныстырылды.

Делегация Торайғыров университетінің ірі кәсіпорындар өкілдерімен бірге жұмыс істейтініне таң қалды. Жергілікті ЖОО бірінші кезекте жергілікті нарыққа басымдық береді, сондықтан, жергілікті компаниялардың сұранысына орай академиялық бағдарламалар да бейімделеді.

Эдуард Сименс «Қос диплом» жобасын таныстырды. Жоба екі оқу орнында қатар білім алып, қос дипломға ие болуды көздейді. Студент бір университетте кем дегенде сынақтар мен емтихандардың 40%-ын алу керек.

- Бұл студенттермен алмасу ғана емес. Қос диплом бағдарламасы екі тараптың назарына ілігу керек. Осылайша, түрлі құқықтық жүйелер мен білім беру бағдарламалары керек. Біз Торайғыров университетімен әріптес болуға дайынбыз. Қазақстандық студенттер ағылшын тілін жақсы деңгейде білетінін білеміз, - дейді Эдуард Сименс.

Германиялық делегация Павлодар облысының бірнеше ірі кәсіпорнын аралады. Олар арнайы экономикалық аймақ, «Казэнергокабель» және «Проммашкомплект» кәсіпорындарының жұмысымен танысты.