Сегізінші лицейде "Дарынды ұрпақ - гүлденген жер" ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Бүгін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары атанған лицей шәкірттері аталып өтті. Лицейшілермен Торайғыров университетінің ғалымдары мен профессорлары кездесті. Мамандар оқушыларға химия, биология және филология бағытында әзірлеген ғылыми жұмыстар бойынша ғылыми кеңес береді. Сонымен қатар, Enactus командасы оқушыларды стартап жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Мектеп пен ЖОО серіктестігіне бірнеше жыл болды.

- Лицей  Қазақстанның мамандандырылған үздік 10 мектебінің құрамында. 2021-2022 оқу жылында олимпиада қатысушылары 59 медаль ұтып алды. Олардың 17-сі халықаралық, ал 42-сі республикалық деңгейдегі жүлделер. Әрине, мектеп қабырғасындағы ғылыми бастамалардың дамуын Торайғыров университеті профессорларынсыз елестету мүмкін емес, - дейді лицей директоры Гаухар Бабыкова.