Екібастұз қаласында «KAZ Basis Consulting» және «Проммашкомплект» ЖШС базасында Торайғыров университеті, Омбы мемлекеттік университеті, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті, Томск политехникалық университеті ғалымдарының кездесуі өтті

Тараптар «Проммашкомплект» ЖШС үшін кадрларды даярлау және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мәселелерін талқылады. 

Кездесу барысында Торайғыров университетінің делегациясы ЖОО-да Павлодар облысы үшін сұранысы жоғары мамандықтар бойынша білім алу, оқу бағдарламалары мен шетелдік оқу орындарында академиялық мобильділік бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы айтып берді. TоU «Проммашкомплект» ЖШС-не жұмысқа орналасу бойынша дуалды білім беруге басымдық береді.