Торайғыров университетінде АӨК-ке маман даярлау мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев облыстағы ауыл шаруашылығының даму перспективалары мен кадр тапшылығы туралы әңгіме қозғады.

«Қазақстан фермерлері Одағы»  облыстық филиалының төрағасы Сайлау Оразбаев түлектерді даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша бірлесіп шара қолдану керектігін айтты.

ЖОО ректоры Еркін Садықов ғалымдардың инновациялары мен әзірлемелері облыс мақтанышы екенін тілге тиек етіп, ауыл шаруашылығы бағытын алдыңғы қатарға шығатынын айтты. Сонымен қатар, түлектерді даярлаудың жоғары стандарты «Атамекен» рейтингтерінде көш басында тұрғанын жеткізді.

Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің деканы Тоқтар Бексейітов жеткен жетістіктер туралы айтып, жаңа білім беру траекторияларын енгізу туралы әңгімеледі: ветеринарлық медицина, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, көкөніс шаруашылығы және т.б
Шара барысында дуалды оқуды жандандыру, дарынды ауыл жастарын оқыту, кәсіпорын жетекшілеріне жас мамандарға қолайлы жағдай жасау, сонымен қатар, АӨК-ке кадр даярлау бойынша шаруашылықтармен  серіктестік орнату ұсынылды.