Торайғыров университеті аймақтың білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуде. Мектеп директорлары қатысқан шара барысында гранттық бағдарлама мен дағдылар мектебі таныстырылды.

ЖОО ToU-ді таңдаған оқушылар, дарынды ауыл жастары, «Алтын белгі»  иегерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, әлеуметтік қорғалмаған жастарға 100 грант ұсынады.

Дағдылар мектебі бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді: жаратылыстану және өнер мектебі, аспаздық және музыка, блогерлер мектебі, металлургтер мектебі, 3D модельдеу, қытай тілі және өзгелер.

Профессорлар аптасына екі рет 5-9 сынып оқушыларына ландшафтты дизайн, үстелдерді безендіру, автокөліктердің байланыс қораптарын жөндеу, торт дайындау, сонымен қатар, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді үйретеді.

Шара соңында мектептерге біліктілікті арттыру курстарына, «Сәтбаев оқуларына»  сертификаттар мен магистратураға грант пен «Баянтау» шипажайына жолдама табысталды.