«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірнеше жыл бойы ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының рейтингін құрады.
«Атамекен» рейтингі оқу орындарының рейтингін жасаудың жаңа бағыты, оның мақсаты - еңбек нарығы мен академиялық әлемді жақындатып, кадрларды тиімді даярлауға әсер ету.

 

Жоғары оқу орнының карьералық преспективалары, түлектерді жұмысқа орналастыру деңгейі, оқу орнын тәмамдаған соң жұмыс іздеудің ұзақтығы мен жалақының орташа деңгейі, практик-оқытушы, шетелдік оқытушылардың сапасы, оқу орнының аккредитациясы, жұмыс берушілердің сарапшылық бағасы сияқты мәселелер сарапқа салынады.
Қазақстанның барлық көпсалалы жоғары оқу орындарының жалпы рейтингінде Торайғыров университеті «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша үздік атанды.
25 мамандық мәліметтерге байланысты еліміз бойынша ТОП-5 тізіміне енді, олардың тоғызы ҮЗДІК ҮШТІККЕ енді: мұнай-газ ісі, металлургия, көлік құрылысы, тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, биология, экология, туризм, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің технологиясы, агрономия.
Он бір мамандық БІРІНШІ ОРЫНДА. Олардың қатарында дизайн, тарих, шетел филологиясы, орыс филологиясы, қазақ филологиясы, журналистика, биотехнология, электр энергетикасы, машина жасау, стандарттау, сертификация және метрология.
«Атамекен» ҰКП-ның рейтингі оқу орны жоғары сұраныстағы бағыттар бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтынын дәлелеп, нарық сұранысын өтей алатынын растайды. Жұмыс берушілердің белгілі бір білім, дағдылар бойынша сұраныстары білім беру бағдарламасының негізіне енгізілген.