Торайғыров университетінде «Мәшһүрттанудың ғылыми негіздері және қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдардың дамуы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Биыл шара көрнекті жерлесіміз Қуандық Жүсіптің туғанына 80 жыл толуына орайластырылды.
Білім беру ісінің құрметті қызметкері Қ.Жүсіп 50 кітаптың және 300-ден астам ғылыми мақаланың авторы, «Қазақстан ағарту ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін»белгілерімен, «Құрмет»орденімен марапатталған. Іс-шара аясында Қуандық Пазылұлы атындағы ғылыми кабинеттің салтанатты ашылуы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Мәшһүр Жүсіп кесенесі салынды, «Мәшһүртану»пәні енгізілді, М. Ж. Көпеевтің 20 томдық шығармалар жинағы мен энциклопедиясы, балаларға арналған «Мәшһүр Жүсіп әлемі» атты суретті әңгімелер жинағы шығарылды, kopeyev.psu.kz. сайты әзірленді.
М.Ж. Көпеевтің мұрасын Қазақстанда ғана емес, Америкада, Түркияда, Жапонияда және басқа да елдерде жас зерттеушілердің саны өсуде.