Қостанай қаласында өткен Республикалық пікірсайыс турнирінде Торайғыров университетінің студенті Ералы Нұрхан екінші орын жүлдегері атанды.

Оған Нұр-сұлтан, Қарағанды, Арқалық және Павлодар қалаларының өкілдері қатысты.

Пікірсайыс Lincoln-Douglas Debate форматында екі кезеңде өтті.

Төрешілер ретінде Қостанай облысында ғана емес, одан тыс жерлерде де белгілі, әртүрлі деңгейдегі турнирлерге қатысудың үлкен тәжірибесі бар дебат клубтарының түлектері шақырылды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов турнирдің қонағы болды. Асхат Қанатұлы XXI ғасырдың басты Soft-дағдыларының бірі ретінде сындарлы әңгіме жүргізе білудің маңыздылығын атап өтті.

Финалға 16 қатысушы шықты, бірақ ең үздіктер жеңімпаз атанды. Солардың қатарында біздің университетіміздің  Инженерия мамандығының 2 курс студенті Ералы Нұрхан екінші орын иегері атанды.

Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.