Анонстар мен іс-шаралар

❗️❗️❗️ Құрметті әріптестер!

Қазақстан үшін Elsevier компаниясының LeapSpace AI платформасына тестілік қолжетімділік ашылғанын қуана хабарлаймыз.

LeapSpace – ғылыми ақпаратпен жұмыс істеуге және зерттеу міндеттерін шешуге арналған жасанды интеллект платформасы. Платформа ЖИ көмегімен ғылыми әдебиеттерді іздеуге және талдауға, жарияланымдар мен ғылыми тәсілдерді салыстыруға, негізгі қорытындылар мен зерттелмеген бағыттарды анықтауға, сондай-ақ ақпаратты бастапқы дереккөздер арқылы тексеруге мүмкіндік береді.
(www.elsevier.com)

Тестілік кезең: 2026 жылғы 7 қазаннан 7 қарашаға дейін.

Платформаға қолжетімділік: https://www.sciencedirect.com/leapspace/

Кіру үшін Elsevier/ScienceDirect жүйесіндегі пайдаланушы аты мен құпиясөзді пайдалану қажет.
Тестілік кезең барысында платформаның мүмкіндіктерімен танысып, оның функционалын сынап көре аласыздар.

Толығырақ
2026-10-07 00:00:00

«Заңғар заңгер – 2026» республикалық зияткерлік конкурсы
Maqsut Narikbayev University және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті 2026 жылғы 22 қазанда студенттер арасында дәстүрлі «Заңғар заңгер – 2026» республикалық зияткерлік конкурсын өткізеді.
Конкурсқа Қазақстан ЖОО-ларының «Құқықтану» мамандығының 2–3 курс студенттері қатыса алады. Әр университеттен 5 студенттен тұратын 1 команда қатысады.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең – онлайн іріктеу.
Команда 2 минуттық видео-таныстырылым дайындап, 8 қазан 2026 жылға дейін өтініммен бірге жүктеуі қажет:
https://forms.gle/6k4LbF8N1GQqRtTC9
Видео 25 балдық жүйемен бағаланады:
командалық бірлік – 5 балл;
ерекшелік пен бірегейлік – 5 балл;
креативтілік – 5 балл;
музыкалық-техникалық сүйемелдеу – 5 балл;
2 минуттық регламентті сақтау – 5 балл.
Іріктеу нәтижесінде үздік 10 команда финалға өтеді.
2-кезең – офлайн финал.
Күні: 22 қазан 2026 жыл, 09:00
Өтетін орны: Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8, Maqsut Narikbayev University, Conference Hall.
Финал 3 турдан тұрады: команданың таныстырылымы, арнайы тапсырма және «Кім алғыр?» зияткерлік сайысы.
Жеңімпаз команда «Заңғар заңгер – 2026» кубогы мен ақшалай сыйлыққа ие болады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Маңызды: MNU командасы конкурсқа қатысады, бірақ жүлделі орындарға үміткер емес. Әр командада ноутбук болуы міндетті, себебі конкурс барысында жасанды интеллектіге негізделген тапсырма қарастырылған.


Шақыру хат 2026 жыл..pdf
Толығырақ
2026-10-06 00:00:00

2026 жылғы ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31-бабының, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 Қаулысының 15-тармақ 148) тармақшасының негізінде ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға арналған конкурс (бұдан әрі – Конкурс) жариялайды.

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен бекітілген (prg.kz/document/?doc_id=39878251):
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Қ.И.Сәтбаев атындағы бір сыйлықақы;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк ғылыми зерттеуі үшiн Ш.Ш.Уәлиханов атындағы бір сыйлықақы;
– педагогика саласындағы үздiк ғылыми зерттеуi мен жұмысы үшiн Ы.Алтынсарин атындағы бір сыйлықақы;
– түркология саласындағы аса зор жетістіктері үшін Күлтегін атындағы бір сыйлықақы;
– жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған Д.А.Қонаев атындағы бір сыйлықақы;
– гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмысы үшiн жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы бір сыйлықақы;
– 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде қырық төрт жасты қоса алғанда талантты жас ғалымдар үшін 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Конкурс өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады, оның ішінде:
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығы (https://prg.kz/document/?doc_id=31989920);
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарын және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 бұйрығы (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/1066760?lang=kk);
«Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығы (https://prg.kz/document/?doc_id=35716316).

Ғылым саласындағы сыйлықақылар, мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Өтініш беру:
Сыйлықақылар:
https://astanahub.com/ru/l/awards 
Стипендиялар:
https://astanahub.com/ru/l/scholarships 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларды алуға үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:
1) монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, шолулар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми жұмыс (бестен аспауы тиіс);
2) жұмыстың мазмұны, зерттеулердің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы мен одан әрі пайдалану мүмкіндігі баяндалатын жұмыстың сипаттамасы (жарты баспа беттен аспауы тиіс);
3) жұмысты ұсынған ұйымның консультативтік-кеңесші органы отырысының хаттамасынан үзінді;
4) сыйлықақы алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
5) сыйлықақы алуға кандидаттың шығармашылық үлесін көрсете отырып, оның ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы (ұжымдық жұмыстар үшін);
6) конкурсқа ұсынылған жұмыстың бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлықақыларға ие болмағанын куәландыратын жұмысты ұсынған ұйымнан анықтама;
7) енгізу актісінің көшірмесі (бар болған жағдайда);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шот туралы хабарлама.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттар сыйлықақы алуға үміткер жұмыстан босатылған жағдайда оның соңғы жұмыс орнынан ұсынылады.



Мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған қонкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:
1) ұйымның консультативтік-кеңесші органының дәлелді өтінішхаты (ұсынымы);
2) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың негізгі жұмыс орнынан анықтама;
3) мемлекеттік ғылыми стипендия алуға кандидаттың соңғы бес жылдағы (конкурс жарияланған жылды есепке алмағанда) ғылыми жарияланымдарының тізімі, сондай-ақ олардың ең маңыздыларының (бестен аспайтын) баспа-таңбасы;
4) енгізу актісінің көшірмесі (ол болған жағдайда);
5) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға жетекшілік еткенін растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия ізденушілер үшін талап етілмейді);
6) Қазақстан Республикасында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі берілген кадрларды даярлауды растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия үміткерлер үшін талап етілмейді);
7) халықаралық ынтымақтастықты растайтын құжаттар (ол болған жағдайда, талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми стипендия үміткерлер үшін ғана);
8) қолданыстағы жиырма таңбалы карталық шоты туралы хабарлама.
Отандық баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі, шығыс деректері және кемінде екі рецензия ұсынылады. Шетелдік баспа шығарған монография бойынша баспа мәтінінің екі бетіне дейінгі көлемде аннотация, титулдық парақтың көшірмесі және шығыс деректері ұсынылады.
Монографияларда, монография бөлімдерінде, мақалалар мен шолуларда үміткерлер аффилиация ретінде Қазақстан ұйымын немесе Қазақстан Республикасын көрсетуі тиіс. Монографияның (оның ішінде бөлім жарияланған монографияның да) қысқаша сипаттамасы мен мазмұны ресми веб-сайтта орналастырылып, оны қайдан сатып алуға немесе оқуға болатыны туралы ақпарат қолжетімді болуы қажет.

Байланыс үшін:
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ:
+7 727 3382449
+7 700 048 3736
+7 705 731 2999
+7 707 128 0034
«Astana Hub» цифрлық жүйесінің техникалық қолдауы (Ақпараттық жүйемен байланысты мәселелерге қатысты):
+7 777 522 0247
1818


konkurs-na-soiskanie-premiy-v-oblasti-nauki-i-gosudarstvennyh-nauchnyh-stipendiy-2026-goda.docx
Толығырақ
2026-09-23 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone