Кафедраның оқу-зертханалық базасы

Кафедраның оқу-зертханалық базасы бас ғимараттың төртінші қабатында орналасқан 5 кабинеттен тұрады. Оқу аудиторияларына 4 кабинет бөлінген А-404, А-404а, А-405, А-406.

А-405 кабинеті профессор Муканов Гафур Муканұлы атындағы аудитория.

Профессор Муканов Гафур Мұканұлы (1932-2015) С.М. Киров атындағы Каз-МУ ды 1954 жылы бітірді. С. Торайғыров атындағы ПМУ-да 1960 жылдан бастап 2013жылға дейін қызмет жасады. Муканов Гафур Мұқанұлы – физика - математика ғылымдарының кандидаты, ЖАК ССРО, профессор, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры.

Марапаттар: КСРО жоғары мектеп үздік оқытушысы (1974 ж.), «ҚР оқу-ағарту үздігі» (1992 ж), Ы. Алтынсарин атындағы медаль (1990 ж.), «Еңбек ардагері медаль»(1983 ж.), төсбелгі « ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (1991 ж.), медаль «Қазақстан конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), медаль «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» (2002 ж.), Облыстық білім беру басқармасының және облыстық кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасы, КазСРО және Республикалық кәсіподақ комитетінің білім беру ісінің құрметті қызметкері,жоғары мектеп және жоғары мекемелер, ЦК КПСС және Совета Министерства СССО Министрлер кеңесі, ВЦСПС және ЦК ВЛКСМ, Павлодар қаласының құрметті азаматы.

А-406 кабинеті профессор Ахметов Ғалым Бейсенұлы. атындағы аудитория

Профессор Ахметов Ғалым Бейсенұлы (1937-2013) педагогикалық қызметін 1964 жылы ПИИ жоғары математика кафедрасында ассистент болып бастады., 1966 жылдан бастап ПИИ жоғары математика кафедрасында аға оқытушы, 1976.- 1983 жылдары дайындық бөлімінің меңгерушісі, 1983-1996 жылдары Павлодар индустриалды институтының «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі, С. Торайғыров атындағы университеттің 1996-1997 жылдары ҒОӨК директоры, 1997-1998 жылдары С.Торайғыров атындағы университеттің «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі, 1999-2006 жылдары КазГЮУ-де кафедра меңгерушісі, 2006-2008 жылдары ПМПИ математика кафедрасының меңгерушісі, 2008-2013 жылдары С.Торайғыров атындағы университеттің математика кафедрасының профессоры.

Марапаттар: медаль «Еңбек ардагері» (1987 ж.), (2007 ж. және 2010 ж.) екі рет ҚР БҒМ білім беру ісінің құрметті қызметкері, 27 сәуір 2011 жылы С.Торайғыров атындағы университеттің «Құрметті кафедра меңгерушісі» ҚР БҒМ грамоталары.

А404а математиканы оқытудың әдістемелік аудиториясы

А 404 дәріс аудиториясы

А-402 теориялық және қолданбалы математика зертханалық аудиториясы. Зертханалық кабинеттің міндеттері – экономиканың математикалық модельдерін зерттеу, қолданбалы алгебра, ақырлы топтар теориясы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары. Зертхана екі моноблок, принтер, интернетпен жабдықталған.