Аңдатпалар:

Аңдатпа

Summary

Аннотация

Кеңесшілердің пікірі:

Шетелдік кеңесшінің пікірі

Отандық кеңесшінің пікірі

Рецензенттер пікірі:

Ғылыми еңбектер тізімі

Диссертация

Диссертацияны қорғау (видео)

конец

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде Асель Оразовна Юсупованың «6D071800-Электр энергетика» мамандығы бойынша «Электр машиналар роторының эксцентриситетін сиымдылықты өлшеуіш түрлендіргіштер арқылы диагностикалау жүйесін жетілдіру» тақырыбында философия ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесіне диссертация қорғау шарасы өтеді.

Диссертация С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінің электроэнергетика кафедрасында орындалған. Қорғау тілі орыс тілі.

Рецензенттер:

Елена Витальевна Птицына – техника ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Теориялық жəне жалпы электротехника» кафедрасы, мамандығы 05.09.03;

Әйбек Мұратбекұлы Ақаев – философия докторы (PhD), энергетика факультетінің деканы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, мамандығы 6D071800

Ғылыми кеңесшілер:

Александр Николаевич Новожилов – техника ғылымдарының докторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры;

Владимир Николаевич Горюнов –техника ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасын меңгеруші.

Қорғау күні: 2019 жылғы 23 желтоқсан, сағат 10:00-де, С.Торайғыров ат. ПМУ жанындағы электроэнергетика жөніндегі Диссертациялық кеңесте, мекен-жайы:140008, Павлодар қ., Ломов 64, бас корпус, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы.

Сайттың мекен-жайы: www.psu.kz, e-mail: bokamashrapov@mail.ru