Саламатсызба. Менин сурагым оку акысы жонинде. Сиздерде женилдиктер барма? Мысалы: жартылай жетим немесе алеуметтик жагдайларга байланысты... Рахмет
Сәлеметсіз бе, Айжан!С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің келісімшарт бойынша оқитын әлеуметтік аз қамтылған студенттері үшін жеңілдіктер жүйесі бар. 2013-2014 оқу жылына арналған білім алушыларының оқу қызметтерінің жеңілдіктері туралы Ережесіне сәйкес келесі студенттерге жеңілдіктер қарастырылады:
1) жетім-балалар санынан (күндізгі және сырттай оқу түрінде оқитын, 21 жасқа дейін) –оқу құнынан 50% жеңілдік тағайындалады;
2) бала кезінен мугедек, 1-ші немесе 2-ші топтардың мүгедектері болса – 30% жеңілдік;
3) бір ата-ана болуына байланысты (күндізгі және сырттай оқу түрінде оқитын, 21 жасқа дейін) - 20% жеңілдік;
4) екі ата-аналары 1-ші немесе 2-ші топтардың мүгедектері болса – 25%;
5) көпбалалы отбасынан, 4 және одан аса балалар 18 жасқа дейін болса (күндізгі оқу түрінде оқитын).
Жеңілдік туралы өтінішпен бірге лайықты құжаттар (жеке куәлік көшірмесі, мүгедектік туралы анықтама, жанұя құрамы туралы мәлімет, ата-ана өлімі туралы куәліктің көшірмесі және т. б.) беріледі.
Жалпы жеңілдіктер бір семестрге емтихандарды тағайынды мерзімде «өте жақсы» және «жақсы» бағаларға тапсырған студенттерге беріледі, оқу үлгерімі транскриптмен расталады. Ережеге сәйкес құжаттар қысқы және жазғы оқу демалысы кезінде қабылданып, Комиссия отырысына ұсынылады.
Жеңілдіктер беру туралы өтініштер келесі семестрдың басталуына бес күн бұрын деканатқа кабылданады.
Толық ақпаратты студенттік бөлімде алуға болады (А115 кабинеті, телефон: 8 (7182) 673634, ішкі 1118, 1127).