Қойылған күні : 30.06.2015
Сәлеметсіздер ме?! Мен Түркістан қаласынанмын. Биыл ҰБТ-да 75 балл жинап, орыс тілінсіз 61 балл болды. Математика 6 балл. Ақпараттық жүйелер факультетіне түсе аламын ба? Рахмет
Жауап күні: 08.07.2015
Салеметсіз бе, Нұрбол!Мемлекеттік білім грантын тағайындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру ережесіне сәйкес конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден кемінде 4 балл жинау қажет. 5В0703 Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бейінді пән математика. Сол себепті Сізге осы мамандық бойынша оқуға рұқсат етілмейді. Толық ақпарат алу үшін 673-773, 674-774, 87073673773 телефондары арқылы қабылдау комиссиясына хабарласа аласыз.