Саламатсыздар !!! Сіздерде ата-анасынан айырылған толық қанды жетім балаларға қандай көмек көрсетіледі, жасы 18 де ?! Стипендиясына ақша қосылады ма алде қалай ? Жауап берулерінізді сураймын !!!
Құрметті Гулзипа Тілеуханқызы! «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңына сәйкес:
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
2) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
3) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
С. Торайғыров атындағы ПМУ-де білім алып жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқу барысында ыстық тамақпен, балалар үйлерінің тәрбиенушілері киім-кешек, жабдықпен, сонымен қатар С. Торайғыров ПМУ-нің Ғылыми кеңес отырысының шешімімен жатақханадағы тегін жатар орынмен қамтылады.
Сұрақтарыңызбен Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөліміне А-233 кабинет, сағат 09-00 – 18-00 дейін жолыға аласыздар. Байланыс телефоны 67-36-81.