Құрметті Еркін Тоқмұхамедұлы! Мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысымын. Сіздің назарыңызға өзіңіз басқарып отырған университеттің «Хабаршы» журналының жауапты хатшысы Тайболатов Қуандық Момынғазыұлының жауапсыз қызметі жөнінде ақпарат ұсынылады. Біздің тарапымыздан редакцияға 2021 жылдың 10 қарашасында ағылшын тілінде мақала жіберілген. Редакцияның талабы бойынша мақала жарияланымы үшін төлемақысы қоса берілуі керек. Біз тиісті төлемақыны жасап, түбіртегін (квитанцияны) мақаламен бірге тіркеп жібердік (квитанция №131417108610). Өйткені, Сіздердің университет сайтының мақала қабылдау тәртібі осындай, яғни, квитанция қоса тіркелмесе мақала қабылданбайды. Бүгін 2022 жылдың 21 сәуірі болды. Арада 6 ай уақыт өтті. Біздің ұсынған мақаламыз 6 айдан бері жариялауға қабылданған жоқ және осы кезеңге дейін себебі «Статус» бөлімінде көрсетілмеген. Мен жауапты хатшы Қ.Тайболатовқа хабарластым. Ол 2021 жылдың №4 шығарылымы толық болғандығын, 2022 жылдың №1 шығарылымына мақаланы авторлардың қайта ұсынуы керек екендігін айтты. Ал, редакцияның мақалаларды қабылдау жөніндегі «Авторларға арналған ережесінде» бір шығарылымнан қалып қойған мақала автор тарапынан екінші шығарылымға қайта берілуі керектігі көрсетілмеген. Және «нөмірге жариялауға сыймаған мақалалар авторлар тарапынан келесі нөмірге қайта беру қажет» деген талап басқа оқу орындарының редакциясында мүлдем жоқ. Мұндай «жаңалық» тек Сіздерде ғана болып тұр. Басқа оқу орындарында келіп түскен мақала рецензиядан өткеннен кейін алдағы шығарылымдарға жариялау үшін кезекке қойылады. Біздің Қорқыт Ата университетінде солай. «Бір жарияланымға сыймаған мақаланың авторы келесі жарияланымға қайта беруі керек» деген талап редакция мүшелерінің өздеріне тиімді болуы үшін жасалған. Мұндай жағдай, менің пікірімше, тамыр-таныстыққа жол ашады. Жауапты хатшы Қ.Тайболатов сайтқа хабарлама бергентігін айтады. Ал Сіздердің «Хабаршы» журналының сайттағы сілтемесі 2021 жылдың қарашасында https://pedagogic-vestnik.tou.edu.kz болған, 2022 жылдан бастап https://vestnik-pedagogic.tou.edu.kz болып өзгерді. Жаңа сайтта хабарлама тек 2022 жылдың 20 сәуірінде ғана берілді. Қ.Тайболатов сайтты үнемі қарап отыру қажеттілігін айтады. Ешкім де басқа жұмыстың бәрін қойып 365 күн бойы сайтты үздіксіз қарап отыра алмайды ғой. Басқа жоғары оқу орындарының редакциясында мұндай мәселелер автордың электрондық поштасына хабарланады. Авторлардың ұялы телефоны, электрондық поштасы кері байланыс орнатуы үшін керек емес пе? Қ.Тайболатов «әрбір авторға хабарласу міндетім емес» дейді. Онда авторлар туралы мәліметтер тізімінде ұялы телефон нөмерін, электрондық пошта адресін көрсету неге талап етіледі? Неге жарияланбайтын мақалаға алдын ала төлем жасатады? Қ.Тайболатов «төлемақыны қайтарып береміз» дейді? Мәселе төлемақыда емес, мәселе жауапты хатшы қызметіндегі Сіздің жауапсыз қызметкеріңіздің босқа 6 ай уақытымызды алғандығында. Құрметті Еркін Тоқмұхамедұлы! Жоғарыда айтылған келеңсіздік туралы зерделеп, тиімді шешім қабылдайды деген сенімдемін. 87057227798 bayanali@mail.ru 21.04.2022 жыл.
Қойылған күні : 21.04.2022