Құрметті ректор! 2 және 3 курс студенттеріне 2 апталық тәжірибеден өту үшін Павлодар Мұнай Химия зауыты медициналық тексеруден өту бойынша бланкі жіберген болатын. Сол тексеруден өту үшін әр студент 10\'000 теңге көлемінде ақысын төлеп, медициналық тексеруден өтуі керек. Неге ? Студенттер өз қалталарынан төлеуі керек. Бізде ҚазМед-А медициналық орталығы жұмыс жасайды. Тек қағаз бойынша. Ол орталықтан ешқандай медициналық көмек көрмедім. Барлығын ақылы түрде өтіп жүрмін. Студент әлеуметтік статусы бойынша алғашқы және жалпы медициналық көмектерді тегін алуы керек. Оның үстіне студент шет аймақтардан және шет елдік студент болса... Онда неге барлық студенттер ақылы түрде өтуі керек? Мен бұған қарсымын және осы сұрақ бойынша тексеру жүргізуіңізді сұраймын.
Қойылған күні : 06.05.2022